Сбербанк вице-президенті мен Білім министрлігі басшысының экс-орынбасары Марина Раковаға сырттай іздеу жарияланды. Бұл туралы ulysmedia.kz rbc.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін ТАСС және “РИА Новости” сайттары оның Білім министрлігі басшысының орынбасары болып жүрген кезінде алаяқтыққа қатысы бар деп күдіктелгені туралы жазған болатын.
«Ол федералды іздеуде. Оған тергеуден жасырынуға көмектескендер қылмыстық жауапқа тартылады», - деп жазылған «РИА Новости сайтында.
Ракова 2019 жылы Білім министрінің орынбасары бола отырып, «Болашақ мұғалімі» федералдық жобасы аясында бюджеттен қаражат алу үшін білім беруді дамытудың жаңа формалары қорына көмектесті деп күдіктелді. Кейінірек, сараптама нәтижесінде бұл бағдарлама бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептердің бұрмаланғанын анықталды. Ракова мен онымен бірге Сбербанкке келген әріптестеріне тінту жұмыстары жүргізілген.
Аталған басылымдарда жарияланғандай, Ракова іс бойынша тергеуге келмеген. Жұмысқа да бармай, телефонын сөндіріп тастаған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері үйіне іздеп барған кезде, асығыс кетіп қалғанын анықтаған. Құқық қорғау органдары қызметкерлері оны шекара асып кете қоймады деп санайды.
Сбербанктегілер Раковаға қатысты іс оның банк қызметіне келмей тұрған кезеңіне қатысты екенін айтты. Сондай-ақ, тергеу амалдары жүргізіліп жатқан кезде оның қызметін басқа адам атқара тұрады.