Қостанай облысындағы бақылау-өткізу бекетінің жұмысы су тасқынына байланысты тоқтады

Ulysmedia

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі Қостанай облысында автокөлік өткізу бекетінің жұмысы уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Қызметі тоқтаған «Желқуар» өткізу пункті Ресей Федерациясының Челябі облысындағы «Мариинский» ресейлік бақылау-өткізу бекетіне қарама-қарсы орналасқан.

«Қазіргі кезде су тасқыны жағдайына байланысты «Желқуар» автомобиль өткізу бекетінде мемлекеттік шекара арқылы адамдардың, көліктердің, жүктер мен тауарлардың өтуі уақытша тоқтатылды», - деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметі.

Олар жүргізушілерге ағымдағы жағдайға байланысты маршруттарын реттеуге кеңес беріліп жатқанын қосты.