Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында қазақстандықтардың соттан тыс банкроттық рәсімінен бас тартуының негізгі себептерін атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
3 наурыздан азаматтардың банкроттыққа арыздарын қабылдау басталды. 2023 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардан 34 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бүгінгі таңда 10 мыңнан астам өтінішті тексеру аяқталды. Тексеру қорытындысы бойынша 7 мыңнан астам өтініш беруші 1414 сервисі арқылы соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тартты.
Ержан Біржанов азаматтардың банкроттығынан бас тартуына негіз болған 6 себепті атап өтті:
“Осындай, рәсімді қолданудан бас тарту туралы Хабарламаны алған жағдайда соттан тыс банкроттықтың негіздеріне сәйкес келгенде арызды қайтадан 3 айдан кейін беруге болады”, – деді вице-министр.
Сонымен қатар, ол бас тарту себептерін жою үшін қазақстандықтарға тиісті уәкілетті органдарға жүгінуді ұсынды:
“Егер де борышкерге мүліктің болуы себебінен соттан тыс рәсімінен бас тартылған жағдайда төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану бойынша арызбен тұрғылықты жері бойынша аудандық сотқа жүгінуге болады”, – деп қосты Ержан Біржанов.