Бүгін, 3 сәуірде бейнеконференция форматында ОПЕК+ бірлескен министрлік мониторингтік комитетінің 48-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
“Бұл жиынға Қазақстан атынан ҚР энергетика вице-министрі Асхат Хасенов қатысты”, - деп жазды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.
Отырыста елдер 2023 жылғы қаңтар-ақпандағы келісім бойынша міндеттемелерді орындауы және мұнай нарығындағы ағымдағы ахуалды талқылады.
"Қатысушы елдер 2022 жылғы 5 қазанда ОПЕК+ 33-ші министрлік кездесуінде қабылданған ағымдағы деңгейден 2023 жылғы мамырдан бастап жылдың соңына дейін өндіруді 4,7% - ға қысқарту туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Қазақстан үшін қысқарту тәулігіне 78 мың баррельді құрайтыны да нақтыланады.