Нұр-Сұлтанда жоғалған 16 жасар қызды полиция иті тапты

Ulysmedia

42 жастағы қала тұрғыны кәмелеттік жасқа толмаған қызының үйден шығып, қайтып оралмағаны туралы полицияға жүгінген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: polisia.kz

polisia.kz-ның мәліметінше, полиция қызметкерлері мен арнайы үйретілген Феликс атты қызметтік иті бар кинологиялық қызметтің қызметкері қызды іздеуге кіріскен. Ит тінтуге кірісіп, полицейлерді жоғалған қызды жігітімен бірге отырған көлікке алып барған. Қыз анасына тапсырылды.

Жасөспірімдер полициясының қызметкерлері оны профилактикалық есепке алып, ата -анасымен әңгіме жүргізді. Белгілі болғандай, қыз бұрын да үйінен кетіп, көп ұзамай оралып отырған.