Кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровқа шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Ғалиасқар Думан

Қазақстанның Жоғарғы cотында Бас прокуратураның 7 жылға сотталған кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың ісін қайта қарау туралы кассациялық наразылығы қаралды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

tengrinews.kz

Сот үкімді күшінде қалдыру туралы шешім қабылдады.

"Жоғарғы cот Әбдіғаппаров ісі бойынша шығарылған сот актілерін өзгеріссіз қалдырды",  – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Наурыз айының басында Бас прокуратура Әбдіғаппаровтың қылмыстық ісі бойынша бұрын шығарылған үкімнің күшін жоюға кассациялық наразылық түсіргені хабарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 соты 2022 жылдың шілде айының басында Parmigiano Group мейрамханалар желісінің негізін қалаушы Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты үкім шығарған болатын.

Кәсіпкердің туыстары бұл іс ойдан шығарылғанын айтты. Оның анасы мен жұбайы бұрынғы президенттің бауыры Болат Назарбаевтың адамдары бизнесті рейдерлік жолмен басып алды деп айыптады. Олардың айтуынша, Назарбаевтың жақындары бизнесменнен бопсалау және қорқыту арқылы компаниядағы үлесін тартып алған.