Жергілікті сайлаудың екінші туры Грузияның 20 қаласында болады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
sputnik-georgia.ru-дің мәліметінше, Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, мэрлер сайлауының екінші туры елдің 20 қаласында өтеді. Оның ішінде Тбилиси де бар. Ол жақтағы ешбір үміткер 50%-дан артық дауыс жинай алмады.
Грузияның Сайлау кодексіне сәйкес, екінші турлар жергілікті билікке сайлаудан кейін төртінші сенбіде өтеді және оларды бірінші турдың қорытындысын шығарумен бірге ОСК тағайындайды.
Екінші турла көп дауыс жинаған үміткер жеңеді.