543 млн теңге ұрланған: Қызылордада аудандық білім бөлімінің басшысы тергеліп жатыр

Айнель Аянова

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы мен есепшісіне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Антикор мәліметінше, олар білім беру мекемелерінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың есеп-шоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

“Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деп хабарлады ведомство.

Сонымен бірге, Антикор Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-прцестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін күдіктілердің әрқайсысы кінәсіз деп есептелетінін еске салды.