Жыл басынан бері 100-ге жуық адам шекарадан жалған құжатпен өтпек болған

Ғалиасқар Думан

ҰҚК Шекара қызметі жыл басынан бері шетелдік (Үндістан, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей) және Қазақстан азаматтарының жалған және өзгенің құжатын қолдануының 99 фактісін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

exk.kz

«Шекаралық аймақта 4 238 шекара режимін бұзушы ұсталды, 1,9 млрд теңгеге жақын сомадағы валюта, алтын және басқа тауарлардың тасымалдануына жол берілмеді.Қару мен оқ-жарақты өткізудің 66 әрекетінің жолы кесілді. Заңсыз миграцияның 4 арнасы бейтараптандырылып, бұл қылмысқа қатысы бар 6 адам ұсталды», - делінген ведомство хабарламасында.

Ұсталған құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды.