АҚШ-та жұмыссыздардың көбеюі алтын бағасын құлдыратып жіберді

Ғалиасқар Думан

Нью-Йорктегі Comex биржасында маусымдағы алтын фьючерстерінің бағасы 13,45 долларға немесе 0,67%-ға төмендеп, троя унциясы үшін 2 005,45 доллар болды. Мамырдағы күміс фьючерстері 0,59%-ға – бір унция үшін 25,223 долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Праймға" сілтеме жасап.

bizmedia.kz

"15 сәуірде аяқталған аптада АҚШ-тағы жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға алғашқы өтінімдердің саны өткен аптаның қайта қаралған көрсеткішінен 5 мыңға – 245 мыңға дейін өсті. Ал 8 сәуірде аяқталған аптада АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алушылардың жалпы саны 1,865 миллион адамды құрады – бұл өткен жылдың қараша айынан бергі ең жоғары көрсеткіш", - делінген хабарламада.

Бұл АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің алдағы саясатына әсер етуі мүмкін, ақша-несие саясатын қатаңдату тәсілі біршама жеңілдетілуі мүмкін деген болжам бар. Дегенмен, CME Group сауалнамасына қатысқан бес сарапшының төртеуі әлі де дисконттау мөлшерлемесінің өсетінін болжап отыр.

АҚШ-тағы ақша-несие саясатын қатаңдатуды жалғастыру доллар үшін оң әсер етеді, демек, алтынға балама ретінле АҚШ-тың бағалы қағаздарына сұранысты одан әрі арттырады. Сонымен қатар, бұл басқа валюталардың иелері үшін алтынның шикізат активі ретінде тартымдылығын төмендетеді.