Қазақстанда шетелдік инвесторлардың табысы өсті

Ulysmedia

Ұлттық банк 2021 жылғы бірінші жарты жылдықтағы Қазақстан Республикасының төлем балансы туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан Ұлттық банкі 2021 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша есептік төлем балансын қалыптастырды. Ағымдағы шоттың тапшылығы 2021 жылғы тамызда жарияланған алдын ала бағалаумен салыстырғанда 757 млн АҚШ долларына ұлғайып, 2,4 млрд АҚШ долларын құрады.

Алдын ала бағалау мен қорытынды деректер арасындағы айырмашылық, ең алдымен, 2021 жылғы екінші тоқсандағы төлем балансы бойынша кәсіпорындардың түпкілікті есептерін алуға байланысты.

Шетелдік тікелей инвесторлардың кірісі алдын ала бағалаумен салыстырғанда 893 млн АҚШ долларына өскен кірістер балансында ең үлкен өзгеріс болды. Алдын ала бағалауды жариялау кезінде қалыптасқан көрсеткіштер 2021 жылғы екінші тоқсанда шетелдік инвесторлар кірісінің өсуін бағаламады.

Шетелдік инвесторлар кірісінің өсуі негізгі құрауыштар – дивидендтер бойынша және қайта инвестицияланған пайда бойынша байқалады. Мұндай кірістердің басым бөлігі мұнай-газ, өзге де тау-кен өндіру, қаржы секторларына тиесілі.

Сауда балансы бойынша алдын ала бағалауға қатысты өзгерістер шамалы және уәкілетті органдардың сауда мен респонденттердің есебін жаңартуға байланысты. Тауарлар экспорты (-)8,7 млн АҚШ долларын құрады, ал импорт 49,4 млн АҚШ долларына ұлғайды.

Қорытынды төлем балансы бойынша толығырақ ақпарат Ұлттық банктің интернет-ресурсында «Статистика/Сыртқы сектор статистикасы/Төлем балансы бөлімінде» жарияланды.