Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды

Аян Өрібай

ҚР Президенті Жарлығымен Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Мағзұм Мырзағалиев

«Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылсын», - делінген Ақорданың хабарламасында.

Мағзұм Маратұлы 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған. «Тұран» университетін, Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын, Ш.Есенов атындағы Қазақ мемлекеттік технология және инжиниринг университетін бітірген. 2001-2004 жылдары Теңіз және Батыс Сібір кеніштерінде «MIDrillingFluidsInternational» (Schlumberger) бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер, 2004-2007 жылдары «MIDrillingFluidsInternational» Ақтау филиалында бизнесті дамыту менеджері, өндіріс жөніндегі менеджер, филиал басшысы болған. 2007-2010 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры, 2010-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры болды. 2010-2013 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының инновациялық дамыту және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары, 2013-2014 жылдары - ҚР мұнай газ вице-министрі, ҚР Энергетика министрінің орынбасары (2014-2019) қызмет атқарды.