Қазақстан ОПЕК + келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады

Ulysmedia

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы барысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанның келісімге беріктігін және өз міндеттемелерін орындауға дайындығын растады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның Энергетика министрі ел алдағы айларда өндірісті одан әрі біртіндеп арттыратынын атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін келісімге қатысушылар шектеулерді алып тастағанға дейін ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге ұжымдық арттыру туралы шешім қабылданды.

Осылайша, ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін квота қазанда тәулігіне 1,524 млн.баррельді құрайды және ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артатын болады.