WhatsApp, Instagram және Facebook мессенджерлері әлем бойынша жұмыс істемей қалды

Ulysmedia

Қазнет қолданушылары әлеуметтік желілерге қосыла алмағандарын жазып шағымдануда, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Downdetector сайтына шыққан мәлімет бойынша, аталған мессенджерлер Ресей, Украина, Польша, Словакия, Венгрия, Эстония, Латвия және басқа да мемлекеттерде өшіп қалған. Бұлай болуының себебі әлі анықталған жоқ.  

Instagram-ның жұмыс істемей қалуына байланысты әлем бойынша 20 мың, ал Facebook-тің жұмыс істемеуіне байланысты әлем бойынша 60 мың шағым түсті.