Ақтөбеде анасы мен баласын өлтірді деген күдікті суицид жасады

Ulysmedia

Сәуірдің 29-ы күні 35 жастағы әйел мен оның 16 жасар ұлын өлтірді деген күдікке ілінген 23 жастағы Ақтөбе тұрғыны тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы ҚАЖК-не сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

"Ұсталған адамды түнде мекеме қызметкерлері анықтады. Кезекші ауысым дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қолданылған шараларға қарамастан ұсталған адамды аман алып қалу мүмкін болмады", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 105-бабымен («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері «ішкі аудит тағайындады, оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады» делінген.

Еске салайық, қайғылы оқиға Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің пәтерлерінің бірінде 29 наурыз күні болған. Зардап шегушінің 13 жасар қызы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілгені хабарланды. Күдікті бөтеннің пәтеріне тонау мақсатымен кіргені анықталды. Жас жігіттің ұсталғаны 11 сәуірде белгілі болды.