Қазақстанның қорғаныс министрі 9 мамырда Мәскеудегі шеруге бара ма

Ғалиасқар Думан

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов 9 мамырда Ресей астанасында өтетін шеруге өзінің қатысу мүмкіндігі туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Time.kz

Журналистер министрден “9 мамырда Мәскеудегі шеруге барасыз ба?” деп сұрады.

"Жоқ", - деп қысқа қайырды Жақсылықов.

Ол ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен бүкіл армия кеңесі өтетінін айтты.

Еске салайық, бұдан бұрын Қорғаныс министрлігі 9 мамырда Қазақстанда әскери шеру өткізілмейтінін мәлімдеген.

Десе де, «Россотрудничествоның» Алматыдағы өкілдігі 9 мамырдың құрметіне «Ажалсыз полк» шеруін өткізуді жоспарлап отыр