Қазақстан қару-жарақты қай елдерден сатып алады

Айнель Аянова

Қазақстан жаңа қару-жарақ пен әскери техникалар сатып алып жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

sputnik.kz

«Қару-жарақ пен әскери техниканы мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті жоспарымыз бар. Әрине, отандық өндірушіге, қару-жарақтың жаңа түрлерін сатып алуға басымдық беріледі. Былтыр бізге жаңа ұшақтар жеткізілді. Сонымен қатар, әуе қорғанысы жүйелері және басқа да құралдар да сатып алынды», - деді ол Сенат кулуарында.

Сондай-ақ, вице-министр еліміз қаруды қай мемлекеттерден сатып алатынын айтты.

"Біздің армиямызда әртүрлі мемлекеттерден қару - жарақ бар, біз қару-жарақты Ресейден, Түркиядан, АҚШ-тан, ҚХР-дан ғана емес, басқа мемлекеттерден де аламыз", - деп атап өтті Сұлтан Камалетдинов.