Тоқаев сарбаздар арасында әлімжеттікті қалай тоқтатуға болатынын айтты

Ғалиасқар Думан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілармиялық кеңестің отырысында жауынгерлер арасында қатыгездік пен әлімжеттікке жол бермеу керектігін баса айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

life09.kz

«Сарбаздарымыз қайсар, батыл, сондай-ақ білімді болуы шарт. Жауынгерлердің бойына отаншылдық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіруіміз керек. Олар нағыз азамат деген атқа лайық болуы қажет. Бір сөзбен айтсақ, армия – бұл рухани тәрбие орталығы», - деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істе аға буынның тәжірибесін пайдалану маңызды екенін атады.

«Біз қатыгездік, әлімжеттік сияқты қоғамға қауіпті үрдістерге жол бермеуіміз керек. Бүгін осы жерде ардақты ардагерлеріміз отыр. Олардың тәжірибесі, көрген-түйгені мол. Біз ардагерлерге зор құрмет көрсетеміз. Аға буынның тәжірибесін жас сарбаздарды тәрбиелеу ісіне тиімді пайдаланған жөн», - деді мемлекет басшысы.