Прокурорға пара бермек болған казино заңгері сотталды

Ulysmedia

Ақмола облысында казино заңгері прокурорға пара бермек болған. Пара сомасы – 20 мың доллар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Бурабай аудандық сотының үкімімен казиноның заңгері елеулі мөлшерде пара бергені үшін сотталып, оған 20 есе мөлшерде айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 184,5 млн теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Ол прокуратура қызметкеріне казиноның қаржылық қызметін тексеру нәтижелерін оң шешкені үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды", делінген хабарламада.

Сотталған мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.