Кәрім Мәсімов терроризмге қарсы орталық отырысын өткізді

Ulysmedia

Қазақстанның терроризмге қарсы орталығының басшысы – ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Кәрім Мәсімов орталықтың кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

Діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету контекстінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары қазіргі кезеңдегі террористік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдарды талқылап, қосымша шаралар қабылдады, дейді ҰҚК.

Сонымен қатар терроризмге қарсы комиссиялар тұрғысынан жергілікті жерлерде терроризм профилактикасын және терроризм әрекетін қаржыландыруға қарсы күресті күшейту жөнінде шешімдер әзірленді. 

Білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушыларының техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі туындаған кезіндегі іс-қимыл алгоритмі қаралып, мақұлданды.

Отырыс нәтижесі бойынша бірқатар хаттамалық шешім қабылданды.