Екі жасар қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, аман қалды

Ulysmedia

Астанада 7 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтердің терезесінен 2021 жылы туған қыз құлап кетті. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаның 6 мамыр күні кешкісін болғанын мәлімдеді.

Анасы үлкен баласымен стоматологияда болған. Терезені ашып, сыртқа шығып кеткенін байқамай қалған кішкентай қыз әкесінің қарауында болған.

Жеткіншектің терезене ілініп тұрғанын көрген көршілері астына көрпе жайып үлгерген. Бүлдіршін орташа жағдайда ауруханаға жатқызылды.

«Осылайша, қыздың екінші туған күні болды деп айтуға болады. Ол аман қалды», - деп түсіндірді Төтенше жағдайлар министрлігі.