Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапармен барады

Ulysmedia

Бұл мәлімдеме Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньиннің айтуынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Си Цзиньпин Бейжіңге шақырған.

Тоқаевпен бірге Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев шақырту алғаны көрсетілген.

Сапар 16-20 мамыр аралығында өтеді деп күтілуде.

Қазақстан мен Қытай өз азаматтары туралы ақпарат алмасатыны мәлім болды. Тиісті қаулының жобасы Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.