Елорданың сол жағалауының орталығында салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Құрылысы жүріп жатқан “ORDA INVEST” тұрғын үй кешені Ақмешіт көшесінің бойында, Abu Dhabi Plaza сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан.
Порталымыздың операторы кешеннің көп бөлігі отқа оранғанына куә болды. Оның сөзінше, біраз уақытқа дейін оқиға орнында өрт сөндірушілер төбе көрсетпеген.
ТЖД жаңа тұрғын үй кешенінің аумағында битум мен сыртқы қаптама жанып жатқанын мәлім етті. Департамент мәліметінше, өрт оқшауланған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.