Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны 11% өсті

Ulysmedia

Елімізде жол-көлік оқиғаларының саны бір жыл ішінде 11% өсті. 10 жол-көлік оқиғасының 9-ы жүргізушілердің кінәсінен болады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Ranking.kz-нің мәліметінше, соңғы жарты жылда Қазақстанда 8,3 мың жол-көлік оқиғасы орын алды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 10,2% көп. Өткен жылдың осы кезеңінде республикада 7,5 мың оқиға тіркелген.

Аймақтарды алып қарағанда, 2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбі Алматыда тіркелді. Бұл қалада былтырғы уақытпен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 2,2 мыңға, яғни 17,6% көп. Жол-көлік оқиғалары бойынша көшті бастап тұрғандар қатарында Алматы облысы  (1,5 мың жол-көлік оқиғасы) мен Жамбыл облысы (707 жол-көлік оқиғасы) бар. Жол-көлік оқиғаларының ең азы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді: тек 107 оқиға. Бұл жақта өткен жылы жазатайым оқиғалар саны 2,7% көп болған.

87% жағдайда жол-көлік оқиғасына жүргізушілер кінәлі (7256 факт), ал олардың ішінде 322 адам алкогольге немесе есірткіге мас күйде болған.