Декларацияланбаған валютаның үлкен партиясын Қазақстан арқылы тасымалдамақ болған

Ulysmedia

Астана-Анталия рейсінің жолаушысы ірі көлемде декларацияланбаған шетел валютасын алып өтпек болған. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті оқиғаның 9 мамырда болғанын хабарлады

Ер адам «Астана» халықаралық бақылау-өткізу бекетінде ұсталды.

Одан 92 855 еуро, 28 750 рубль және 9 510 АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша табылды.

Қосымша тергеу үшін ұсталған азамат кеденшілерге тапсырылды.