Франциядағы католик шіркеуінде 330 мың бала жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды

Ulysmedia

Соңғы 70 жылда Франциядағы католик шіркеуінде 330 мың бала жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ru.euronews.com-ның жазуынша, тәуелсіз комиссия 1950 жылдан бері шіркеу, сот, полиция және газет мұрағаттарын зерттеп, құрбандармен және куәгерлермен 2,5 жыл бойы сөйлесіп, зерттеу жұмысын жүргізгеннен кейін осындай қорытындыға келді. Сенім телефонына жәбірленушілер мен куәгерлерден 6,5 мыңнан астам қоңырау түскен.

Комиссияның 2500 беттен тұратын есебінде 3000-ға жуық педофилдің тізімі көрсетілген. Оның үштен екісі 1950-2020 жылғ аралығында қызмет еткен діни қызметкерлер. Әлі де тергеуге болатын 20-дан астам іс прокуратураға жіберілді.