Судан мамырдың соңына дейін өз аспанында ұшуға тыйым салды

Ulysmedia
Ашық дереккөз

Al Arabiya агенттігінің хабарлауынша, эвакуациялық рейстер Суданда жұмысын жалғастырады, бірақ олардың барлығын жергілікті билікпен келісу қажет.

Кейінірек Хартум әуежайының баспасөз қызметі Суданға көктемнің соңына дейін кіру мүмкін болмайтынын растады.

Азаматтық авиация басқармасы ұшқыштарға (NOTAM) Судан әуе кеңістігін барлық әуе қозғалысына жабуды 31 мамырға дейін ұзарту туралы хабарлама шығарды.

Еске салайық, Суданда армия мен Жедел әрекет ету күштері (ЖЖҚ) арасында қарулы қақтығыс жүріп жатыр. Қақтығыс Жедел әрекет ету күштері қарулы күштерге біріктірілгеннен кейін басталды. Мұндай өзгерістер Суданды азаматтық билікке қайтару туралы келісімді жүзеге асыру үшін қажет болды. Генералдар келісе алмай, дау қарулы күреске ұласты.

17 сәуірде Суданда БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының үш қызметкерінің қаза тапқаны белгілі болды. Осыған байланысты WFP басшылығы елдегі жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.