Журналист Виктор Сутягиннің көлігін өртеді деген күдікті ұсталды

Айнель Аянова

Полиция журналист Виктор Сутягиннің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

видеодан кадр

“Атырау облысының криминалдық полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап, ұстады”, – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жалғасуда.

Еске салайық, 11 мамырға қараған түні журналист Виктор Сутягиннің көлігі жарылып, түгі қалмай өртеніп кетті.