Қазақстан Орталық Азия елдерімен сауда-саттықты 15 млрд долларға жеткізуге мүдделі

Ғалиасқар Думан

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде мәлім етті, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Тауар айналымын арттыруымыз керек. Соңғы жылдары Орталық Азия елдерінің экономикалық қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілді. Былтыр Қазақстанның осы аймақтағы мемлекеттермен алыс-берісі 19 пайызға өсті. Яғни, 8 миллиард доллар болды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 15 миллиардқа дейін жеткізуді көздеп отырмыз», – деді мемлекет басшысы.

Президент аймақтың Қытаймен сауда-саттығы да қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Былтыр бұл көрсеткіш 70 миллиард долларға жетті. Оның 45 пайызы Қазақстанға тиесілі. Қытай мен Орталық Азия арасындағы тауар айналымын 2030 жылға қарай 100 миллиард долларға жеткізуге барлық мүмкіндік бар», - деді Тоқаев.

Айта кетейік,  Бұған дейін президент өткен жылы қазақ-қытай алыс-берісінің жалпы көлемі 30 жылдың ішіндегі рекордтық деңгейге жетіп, 31 млрд доллардан асқанын айтқан.