БҚО-да тағы екі қаржы пирамидасы анықталды

Ғалиасқар Думан

Батыс Қазақстан облысында жеке тұлғалардан 24%-дан 54%-ға дейінгі мөлшерде төлемдер беру уәдесімен қаражат тарту мақсатында «Life is good» және «Hermes» жобалары бойынша қаржылық (инвестициялық) пирамидаларын ұйымдастыруға күдікті тұлғалар тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті. 

“Тартылған қаражат көлемі 120 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта қаржылық пирамиданы ұйымдастырды деген күдікпен ілінген азаматша ұсталып, соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұдан бұрын Қаржылық мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың толық тізімін жариялады.