Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75 пайыз деңгейінде қалдырды

Ulysmedia

ҚР Ұлттық банкінің Ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,75% деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөз

Ұлттық банк бұл шешімнің жаңартылған болжамдар, деректерді талдау және инфляциялық тәуекелдердің теңгерімін бағалау негізінде қабылданғанын айтты.

"Сыртқы ортаның инфляцияға қарсы қысымы бәсеңдейді. Әлемдегі инфляция, атап айтқанда, сауда-саттық бойынша серіктес-елдердегі инфляция энергия мен азық-түлік тауарларына әлемдік бағаның төмендеуі нәтижесінде күтілетін бәсеңдеуді көрсетеді. Бұл дегеніміз – экономикалық өсім аясындағы сыртқы бағалардың өсуінің бәсеңдеуі. Тұрақты нақты айырбас бағамы елдегі инфляцияның бәсеңдеуі үшін қолайлы жағдай жасайды», - делінген хабарламада.

2023 жылғы сәуірде жылдық инфляция бәсеңдеуін жалғастырып, 16,8%-ды құрады. Инфляция құрылымында азық-түлік құрамдас бөлігі жылдамырақ қарқынмен баяулайды. Бұл ретте жылдық инфляцияның төмендеуін жанар-жағармай құнының өсуіне байланысты аздап үдей түскен азық-түлік емес тауарлар бағасының өсуі тежеді.

Айлық инфляция бұрынғы орташа деңгейден жоғары қалыптасуды жалғастыра отырып, 0,9% деңгейінде қалды. Алайда, 2022 жылдың қыркүйегінен бастап базалық және маусымдық түзетілген инфляция төмендеді, бұл инфляцияның тұрақты бөлігінің және инфляцияға қарсы қысымның біртіндеп әлсіреуін көрсетеді.