Билл Гейтс виртуалды көмекшісінің Google мен Amazon-ды ақырына жеткізетінін айтты

Ulysmedia

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс желідегі қолданушылардың мінез-құлқын түбегейлі өзгертетін цифрлық жасанды интеллект-агенттерінің пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz CNBC-ке сілтеме жасап.

Ашық дереккөз

«Сіз енді ешқашан іздеу сайтына да, өнімділік сайтына да, Amazon-ға да кірмейсіз», - деді ол әлеуетті виртуалды көмекшілерді сипаттай отырып.

Гейтстің айтуынша, әлі жасалмаған жасанды интеллект көмекшісі адамның қажеттіліктері мен әдеттерін түсіне алатын болады.

Миллиардер ЖИ-агентін жасау бәсекесінде кім жеңетінін мәлімдеді. Технологиялық алпауыттар мен стартаптардың мүмкіндіктері бірдей емес деп қосты ол.

«Егер Microsoft араласпаса, менің көңілім қалар еді. Бірақ мені бірнеше стартаптар, соның ішінде Inflection таң қалдырды», - деді Гейтс.

Кәсіпкер мұндай агенттерді әзірлеуге біраз уақыт керек деп есептейді. Осы уақытқа дейін компаниялар өз өнімдеріне үлкен тілдік модельдер сияқты генеративті технологияларды енгізуді жалғастырады.