Еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдегендей, өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі БҰҰ-ның күш-жігерін қолдауы, еліміздің сыртқы саясатының маңызды құрамдас бөлігі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори Қазақстанның БҰҰ қызметіне белсенді қатысуын жоғары бағалай отырып, Астана тығыз ынтымақтастық жылдарында бітімгершілік жолында өзінің тиімдігін дәлелдегенін және қазақстандық әскери қызметкерлердің жоғары кәсібилігін көрсеткенін жоғары атап өтті. Ол осындай миссияларда жеке тәжірибесі бола отырып, Алматыда жұмыс істейтін «Казцент» бітімгершілік оқу-жаттығу орталығы аясында бітімгершілік әлеуетті арттыру үшін елімізде жасалған жағдайларға ерекше назар аударды.
Қазақстанның оң тәжірибесін атап өткен шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері қазақстандық әскерилерге алғыстарын білдіріп, қолдау көрсетті. Отандық «көгілдір каскаларға» БҰҰ-ның Ливандағы миссиясы аясындағы әрекеттері үшін жоғары баға берді. Осылайша, Үндістан Республикасының әскери атташесі сол елдің бригадасында қызмет ететін қазақстандық бітімгершілермен өзара іс-қимыл тәжірибесінің сәттілігін атап өтті. Бұл тәжірибені қазір басқа елдер де зерттеп жатыр.