10 жылдан кейін қыздар әкелерінің зорлағанын айттқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Журналист Сандуғаш Дүйсенова Facebook парақшасында апалы-сіңлілі екі қызға жасалған зорлық-зомбылық туралы жан түршігерлік оқиғаны жазды.
Әкесі қыздарын 11 жасынан бастап зорлаған. Алдымен үлкен қызына, содан кейін кенжесіне зорлық-зомбылық көрсеткен.
Қыздар 10 жыл бойы бірінен соң бірі зорлағанғанын айтты. Бұл туралы балалардың анасы білген, бірақ үнсіз қалған. Сондай-ақ ер адам Есік қаласында бір үйде екі әйелмен бірге тұрғаны белгілі болды.
Зорлық-зомбылыққа шыдай алмаған қыздар үйден қашып, нағашы жұртына барған. Әйел полицияға арыз жазған.
«Қыздар үшін қорқамын, аудандағы өте беделді Ахмет екенін ескерсек, ол барлығын ақшамен сатып ала ма деп қорқамыз», - деп жазды Дүйсенова.
Алматы облысы ІІД бұл фактіні тіркегенін хабарлады
"Қазіргі уақытта 57 жастағы күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Қылмыстық оқиғаны дұрыс шешіп, жеткілікті мән-жайларды зерттеудің жан-жақты, толық және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», - деді департаменттен.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі де тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін хабарлады.