Қыркүйек айының басымен салыстырғанда коронавирус жұқтырғандар саны 2,4 есе төмендеді деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында.
«Соңғы айда Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады. Қазақстанның 8 өңірі жоғары тәуекел аймағынан орташа тәуекел аймағына көшті. Орташа тәуекел аймағынан төмен тәуекел аймағына 3 өңір: Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары көшті», – деп атап өтті А.Цой.
Сондай ақ, өткен айда ауыр және өте ауыр науқастар саны 2 есе азайған.