Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылы қылмыстық істі тоқтату сылтауымен алдау арқылы 40 млн теңгені иеленген полиция генерал-майоры Б.С. Биляловқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілген.
«ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - деп ескертеді антикор.
Солтүстік Қазақстан облысында бұрынғы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Берік Біләлов ұсталғаны жылдың басында хабарланған еді.
"Екі жыл бұрын ол біреуден қарыз алған. Арызданушының сөзінше, Біләлов алған ақшаны қайтармаған. Объективтілік үшін іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды", - деп түсіндірген еді ол істі ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.