KASE: Доллар арзандады

Ғалиасқар Думан

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,02 теңгеге төмендеп, 1 доллар 444,45 теңге болды.

Ұлттық банктің 29 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 445,68 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 444 теңге, сатып алу – 446,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443,5 теңге болса, сатып алу – 447,5 теңге.