Шымкентте пара алды деген күдікпен полиция қызметкерлері тергеліп жатыр

Ғалиасқар Думан

Шымкент қаласының полиция департаментіне қарасты аудандық полиция басқармасының бөлім бастығы мен тергеушісі пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

taunews.kz

Қазір аталған қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Олар алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жұбайына қатысты қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасын тағайындау үшін қала тұрғынынан 500 мың теңге көлемінде пара алған деп күдіктелді. Күдіктілер істеген қылмысын мойындап, шынайы өкінді», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.