ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим қашан күшіне енетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Айбек Смадияров президент сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында екі ел өзара визасыз режим туралы келісімге қол қойғанын еске салды.
"Елдер мемлекетішілік рәсімдерді аяқтауы тиіс. Бұл бірнеше айға созылады, менің ойымша, екі-үш ай қажет. Осыдан кейін екі тарап бір-біріне мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы хабарлауға тиіс. Осылайша келісім күшіне енеді", - деді ол.
СІМ ресми өкілінің пайымынша, рәсімдердің барлығы екі тараптың мемлекеттік органдарының шапшаңдығына байланысты.
"Менің ойымша, жақын арада. Бұл процедуралық сәттерге байланысты. Біздің тарап туралы ғана айта аламын: біз бұл рәсімдерді жеделдететін боламыз", - деп сендірді Айбек Смадияров.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим енгізу туралы пікір білдірген.