Pfizer вакцинасының құны құпия күйінде қалады - Цой

Ая Өміртай

Денсаулық сақтау министрлігі мен Pfizer компаниясы арасындағы келісім шартқа сәйкес, вакцинаны сатып алуға бюджеттен қанша қаржы жұмсалғаны құпия ұсталады. Бұл туралы ДСМ басшысы Алексей Цой ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында хабарлады.

Фото: Ашық дереккөзден

«Компаниямен келісім-шартқа сәкес вакцина құнын құпия ұстау туралы талап бар. Соған орай жария ете алмаймыз. Әйтсе де компанияның өзінен сұрауға болады. Ал бағасы өзге елдердегі вакцина бағасымен шамалас, аса бір айырмашылық жоқ», – деді министр

Pfizer компаниясымен 4 қазанда келісім-шартқа қол қойылды. Жақын күндері жеткізілуі тиіс 4 млн вакцина дозасы 2 млн адамға егіледі. Бірінші кезекте, 12-18 жас аралығындағы балалар, жүкті-емізулі әйелдерге қол жетімді болмақ.