СҚО-да жаяу жүргіншіні қағып кеткен ІІМ қызметкері тергеліп жатыр

Айнель Аянова

СҚО бойынша ҚАЖД мекемелерінің бірінің қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

“ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір бұл қызметкер ІІО-дан шығарылды”, – делінген полиция хабарламасында.

Күдіктіге қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер, соның ішінде ҚАЖД басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазір ҚАЖ қызметкері болып табылатын жәбірленуші Петропавл қаласының көпсалалы ауруханасында жатыр.