Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Антикор мәліметінше, ол 2022 жылдың желтоқсанында квазимемлекеттік кәсіпорынға жүргізіліп жатқан тексеру бойынша салықтарды қосымша есептеу сомасын төмендеткені үшін 20 млн теңге көлемінде пара алған.
“Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауда. Қазіргі уақытта Астана қаласының прокуратурасы айыпталушыны сотқа берді”, – делінген хабарламада.
Ведомство ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.
Айта кетейік, бұдан бұрын алматылық шенеуніктер мемлекеттік сатып алу арқылы бюджет ақшасын ұрлаған еді.
Сондай-ақ, Түркістан облысында кәсіпкерден пара алған бөлім басшысына үкім шыққан.