Қазақ-қырғыз шекарасында ұзаққа созылған көлік кептелісі пайда болды

Ulysmedia

Екі ел шекарасындағы «Ақ-Тілек-автодорожный» өткізу бекетінде жүздеген жүк көлігі кезекте тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Kaktus.media сайтына сілтеме жасап.

скриншот/kaktus.media

Кептеліс 8-10 шақырымға созылды. Қазақтың да, қырғыздың да нөмірлері бар жүк көліктері кезекте тұр.

Мамыр айының басында қазақ-қырғыз және қазақ-өзбек шекарасында үлкен кезек пайда болғанын хабарлаған болатынбыз.