Министр Қуантыров елдегі «болашағы жоқ ауылдардың» санын атады

Ғалиасқар Думан

Қазақстанда тірек ауылдары саналмайтын 2,8 мың ауыл бар. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осындай дерек келтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Министрлің айтуынша, онда жалпы ауыл халқының 10 пайыздан астамы тұрады. Шамамен 700 мың адам.

«Әлбетте, бұл ауылдардан алда да халық көше береді. Кейбірін қолдап, қалпына келтіретін болармыз. Бәрі де аймақтың саясатына байланысты», - дейді Қуантыров.

Айта кетейік, бұдан бұрын депутат Нұртай Сабильянов еліміздегі ауылдардың артта қалу себебін айтқан еді.