Бас прокурордың орынбасары Франциядан вилланы қалай сатып алып жүр

Аян Өрібай

Бұған дейін shishkin_like телеграм арнасы таяуда Бас прокурордың орынбасары әрі заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару жөніндегі комиссияның төрағасының орынбасары Ұлан Байжанов Францияның Шенс-сюр-Леман коммунасында Женева көлінің жағасында вилласы барын хабарлаған еді. «Мемлекеттік қызметшіде осыншама қаражат қайдан пайда болған?» деп сұрақ қояды телеграм-арна. Ulysmedia.kz тілшісі Ұлан Байжановтың өзіне осы үйді қалай алғанын сұрады.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Байжанов мұның алдында бизнесмен болғанын айтады.

«Мемлекеттік қызметке келгенде заң бойынша біреудің қолына бизнесті бересің. Мысалы мемлекеттік қызметте жүргенде ешқандай бизнеспен шұғылдануға болмайды», - деді ол.

Ұлан Байжанов бұл тақырыпты «қуырылған» «жаренный» факт деп есептейді.

«Себебі керекті кезде бәрі тексерілген. Ешқандай сұрақ қойылмаған», - дейді ол.

Ұлан Байжанов ол мүлік «вилла» емес екенін, 200 шаршы метрлік үй екенін айтады.

«Тікелей өз атына алғанда – ол демек тықпайды деген мәселе ғой. Ал көп виллалар, активтер әдетте басқа фирмалардың немесе адамдардың атына тіркеледі. Ал өз атында тіркелгенде – яғни ол заңды түрде алынған нәрсе. Сол үйдің кредитін 13 жыл бойы төлеп жүрмін. Әлі 7 жыл төлеймін. Тікелей біздің меншіктегі үйіміз болған», - дейді ол.

Бас прокурордың орынбасары қызы ауырған кезде медициналық көмектің қажеттігіне байланысты Франциядағы үйді алғанын айтады.