Қазақстандағы ірі су қоймасына мұнай төгілген

Ғалиасқар Думан

Экологтар Бұқтырма су қоймасының бетінен майлы дақ тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz YK-news-ке сілтема жасап.

avtoradio.kz

Енді ол зертханада зерттелетін болады.

Майлы дақтың пайда болуына су көлігінен отынның ағуы себеп болуы мүмкін екендігі атап өтілді. Табылған дақ жергілікті демалыс орталығына жақын орналасқан.

Экология департаментінің инспекторлары мен зертхана мамандары зерттеу үшін су сынамаларын алды. Сондай-ақ, олар полицияға жүгінді.

Өңірдің экология департаментінің хабарлауынша, Ұлан ауданы мен Алтай ауданының полиция бөлімдеріне жанар-жағармай материалдары төгілуі мүмкін кемені анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу туралы сұрау салынған.