Жетісу облысы тауларында алматылық блогер жоғалып кетті

Ғалиасқар Думан

Жетісу облысының тауларында 36 жастағы алматылық Дамир Кушеев жоғалып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

әлеуметтік желіден

ІІМ-нің ресми интернет-ресурсының мәліметінше, ер адам 7 маусым күні Қора шатқалындағы Бұрқан бұлақ сарқырамасына спорт велосипедімен барған. Оның бөгеттің жанында тұрып соңғы эфирге шыққаны, жергілікті жердегі қорықшының оған шәй бергені белгілі болды. 

Дамир Кушеевпен байланыс үзілгеннен кейін оның жұбайы Төтенше жағдайлар департаментіне жүгінді. Ескелді ауданының полициясы арызды тіркеді. 

Бүгінгі таңда таулы аймақта полицейлер мен құтқарушылар, кинологтар қызметтік-іздестіру иттерімен ер адамды іздеу жұмысын жүргізуде. 

"Дамир Кушеев түрлі көрікті жерлерге велосипедпен баруды ұнатады. TikTok желісінде өзінің жеке парақшасы бар. Ол Ескелді ауданындағы туыстарында қонақта болған. Жоғалып кеткен ер адамның орналасқан жері туралы ақпараты бар кез келген адамға мына телефондар арқылы хабарласуды сұраймыз: 8 747 558 1508, 8 708 252 2008, 102 немесе 112", - деп хабарлады ведомство.