Көп балалы отбасының бизнесін тартып алды: Қазнетте жанды ауыртатын видео тарады

Ulysmedia

Әлеуметтік желіде әкімдік көп балалы отбасының көкөніс павильонын тартып алып жатыр деген видео пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Бұл мәселе бойынша Астана әкімдігі түсініктеме берді. Онда қаладағы Б.Момышұлы даңғылы, 19 мекенжайында орналасқан павильонның заңсыз орнатылғаны айтылған. Үй иесіне павильонды бөлшектеу қажеттігі туралы хабарлама жіберілген. Меншік иесі оны белгіленген мерзімде бұзуға міндеттеме берді.

Алматы ауданы әкімдігінің қызметкерлері екінші рейд кезінде павильонның ішінде нысан иесінің кәмелетке толмаған алты баласы қамалып қалғаны анықталды. Есік сырттан жабылып қалған. Оқиға орнына құтқарушылар келіп, балаларды босатып, қосымша көмек көрсету үшін жедел жәрдем шақырылды. Балалар қазір ата-анасының қасында. Осы жағдайға байланысты хаттама толтырылды.

Астана әкімдігі павильонды жабуды көп балалы отбасына жасалған “озбыр әрекеттермен емес, оның заңсыз орнатылуымен байланысты” деп түсіндірді.