"Мұстафа Шоқайдың Берлиндегі мазары бұзылғалы жатыр": СІМ ақпаратқа түсініктеме берді

Ғалиасқар Думан

Әлеуметтік желіде Жылбек Керімбек атты азамат Мұстафа Шоқайдың Берлиндегі мазары бұзылғалы жатқанын айтып, Алаш арысының бейітінің видеосын жариялаған болатын. СІМ ресми өкілі бұл Айбек Смадияров ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Тез арада сүйегін Түркістанға жеткізіп, жерлеу керек. Мұстафаның бар арман-дерті Түркістан мемлекетін құру еді. Сондықтан Түркістанда жатқаны жөн. Үн қосайық, ағайын, – делінген желідегі жазбада.

"Ол жерде Мұстафадан басқада 2-3 қазақ жерленген, Екінші Дүние жүзілік соғыс құрбандары.Осыдан 20 жыл бұрын мен болғанмын ол жерде,Құран бағыштап қайтып едім ол марқұмдарға", - дейді тағы бір қолданушы.

Ulysmedia.kz тілшісі мән-жайды білу үшін ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарласты.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл ақпаратты жоққа шығарды.

“Зират орнында, ешкім оған тиіскен жоқ. Елшіліктің қызметкері барып тағы да тексеріп қайтты, зираттың басшылығымен сөйлесті”, – деп жауап берді ол.