«Қазақстан темір жолы» мемлекет келісімінсіз 80-нен аса қызмет түрін көрсетіп келген

Ғалиасқар Думан

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ компаниялар тобының қызметіне мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Мониторинг аясына 42 ұйымның 424 қызметін тексерілді.

Осылайша, талданған 424 қызмет түрінің 81-і агенттіктің келісімінсіз жүзеге асырылып келгені анықталды.

Анықталған бұзушылықтарды жою үшін агенттік ҚТЖ және оның ұйымдас компанияларына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама нормаларын бұзуды тоқтату туралы 19 ұйғарым шығарды.

“Атап айтқанда, ҚТЖ, «Кедентранссервис» АҚ, «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС, «Қазақстанның көлік холдингі» ЖШС, «KTZ Express» АҚ, «KTZ EXPRESS SHIPPING» ЖШС, «Теміржолсу» АҚ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, «ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС, «Порт Құрық» ЖШС келісілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруды тоқтату немесе оларды белгіленген тәртіппен келісу туралы ұйғарым шығарылды. Осындай жұмыс аймақтардағы әлеуметтік саланың 251 мемлекеттік кәсіпорынға да жүргізілді. Мониторинг аясында 59 субъектінің іс-әрекеттерінде бұзушылықтар анықталды және бұзушылықтарды тоқтату туралы ұйғарымдар жолданды”, – делінген хабарламада.